Шоқан Уалиханов Музейіне сапар
Қазіргі кезде Шоқан Уәлихановтың туберкулезден қайтыс болғаны туралы ресми ақпаратқа қарама-қайшы түрлі болжамдар айтылып жүр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің отставкадағы полковнигі Болат Қыстаубаев «Шоқан Уәлихановтың құпиясы» атты кітабында Шоқанның ажалы аурудан емес, Ресей патшасы жансыздарынан келген деген жорамал айтады. Уәлихановты көре алмайтындар патша шенеуніктері арасында, қазақ ақсүйектері ортасында және оның бір-бірімен бақталас туыстары ішінде жетіліп артылатындықтан, оның көзін