КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАМЫН ДЕГЕН ЖАНАШЫР ЖАНДАРДЫ КҮТЕМІЗ.
Құрметті ауыл тұрғындары! Биылғы оқу жылының басталуы қарсаңында "Мектепке жол" акциясы бастау алды. Балалар жылында бұл акция «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өтіп жатыр. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін, яғни жаңа оқу жылы басталғанға дейін жалғасады. Осы науқан барысында кез-келген ауыл тұрғыны көмек қолын соза алады. Барлығымыз бірлесіп балаларға қуаныш сыйлауға ат салысайық! КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗАМЫН ДЕГЕН ЖАНАШЫР ЖАНДАРДЫ КҮТЕМІЗ.