"Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты "Қарттар күніне" арналған
2020 жылдың 6 қазан күні Б.Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде "Менің Отаным - Қазақстан" тақырыбы аясында ұйымдастырылған "Қарттарын қадірлеген ел ардақты" атты "Қарттар күніне" арналған аудандық шара өткізілді. Шараның салтанатты ашылуынан кейін мектеп директоры Ж.Т.Оспанов мерекелік құттықтауынан кейін, "Демеу" мүгедектер қорының төрағасы Узакбаев Ахат Сатыбалдыұлы мен "Ақсақалдар алқасы" төрағасы Байғазы Нұрманов құттықтау тілектерін айтты. Мерекелік шара кезінде мектеп оқушылары мен жас