Материалы за Август 2021 года » Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімінің
"Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72836) 2-72-60
bookkeeping:
+7(72836) 2-72-60
Version for
visually impaired
» Материалы за Август 2021 года
Конституция күнімен құттықтаймыз!
30
August
2021
Конституция күнімен құттықтаймыз!
Баршаңызды халқымыз үшін маңызы зор мереке – Конституция күнімен құттықтаймыз! Конституция тәуелсіздігіміздің берік тірегіне, табысты дамуымыздың және Қазақстанның халықаралық деңгейдегі биік беделінің кепіліне айналды. Ол еліміздің басты құндылықтары ретінде қоғамдық-саяси бірлікті, келісім мен тұрақтылықты қалыптастырды. Барша қазақстандықтарға шын көңілден бейбіт өмір, табыс және құт-береке тілейміз! https://www.instagram.com/tv/CTBloppCFzK/?utm_source=ig_web_copy_link 
"Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда.
27
August
2021
"Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда.
"Мектепке жол" республикалық акциясы жалғасуда. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы жайсыз отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу. Мектебімізде оқушыларға мектепке дайындыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Көмекке мұқтаж балалардың деректер базасы құрылып, ата-аналардың өтініштері қабылданып көмек ұйымдастырылуда.
Ата-аналар жиналысы өткізілді
25
August
2021
Ата-аналар жиналысы өткізілді
Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінде 25 тамызда Zoom платформасы арқылы мектепшілік ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директоры Оспанов Жанат Тәңірбергенұлы жаңа 2021-2022 оқу жылында мектеп оқушыларының офлайн режиміндегі оқыту нысаны туралы және қауіпсіздік шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.