1 қыркүйек - Білім күнімен құттықтаймыз
Қымбатты оқушылар және ата-аналар! Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты айтулы мереке - Білім күнімен құттықтаймыз. Дәл осы күннен бастап алғашқы қоңырау үнімен бірге баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Дүниежүзінде орын алған пандемияның елімізде таралуына байланысты, биылғы оқу жылын қашықтықтан оқумен бастаймыз. Жаңа форматтағы оқу кезінде сіздерге сәттілік пен жоғары нәтижелер тілейміз.